27 қазанда Астана қаласында Орталық Азия елдерінде жылдам өрбитін су тасқыны жөніндегі басқарушы комитеттің үшінші отырысы өтті.
Кездесуді Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) Гидрология және су ресурстары басқармасының басшысы Доктор Хвирин Ким және «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаева ашты.
Іс-шараны ДМҰ қолдау көрсетуімен «Қазгидромет» РМК ұйымдастырып, оған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің басшылары және Орталық Азия өңірінің төтенше жағдайлар министрліктерінің өкілдері ат салысты.
Кеңесте жылдам өрбитін су тасқынының туындау қаупін бағалаудың жаһандық жүйесі мәселелері талқыланып, ДМҰ мен өңірлердің гидрометеорологиялық қызметтері өкілдерінің күш-жігерін біріктірудің негізгі тұжырымдамалары қаралды. Елдер аймақтағы жекелеген мәселелер бойынша таныстырылымдар көрсетіп, өз жұмысының талдауын ұсынды.