28 қазанда Астана қаласында Орталық Азия елдерінде жылдам өрбитін су тасқыны жөніндегі басқарушы комитеттің үшінші отырысы аяқталды.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ), Орталық Азия елдерінің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің және төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктерінің өкілдері «Қазгидромет» РМК-ге келді.
2022 жылы «Қазгидромет» РМК-ге 100 жыл толды. Ғасырлық мерейтой қарсаңында Қазақстанның ауа райы қызметі өз ғимаратында елдің гидрометқызметінің даму тарихы мұражайын ашты. Кеңеске қатысушылар кәсіпорынның даму тарихымен танысып, гидрометеорологиялық орталыққа барды, сондай-ақ әріптестерімен бейресми жағдайда әңгімелесіп, мұражай экспонаттарынан алған әсерімен бөлісті.