Қараша-қыс алдындағы маусымның бірінші айы.
Қараша айында республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады, жауын-шашынның таралуы келесідей күтіледі: Қазақстан Республикасының батыс жартысында нормадан аз, шығыста - норма шамасында.
Қараша айының басында Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы циклон үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды. Жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады деп күтілуде, республиканың оңтүстігінде әлі де көбінесе жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты қатты жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында күтіледі. Желдің 15-28 м/с дейін күшеюі күтіледі, жекеленген аудандарда көктайғақ болуы мүмкін.
Қарашаның алғашқы күндерінде ҚР аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады - күндіз +10+18°С.
Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып Қазақстан аумағынан кетеді, бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады, бұл жауын-шашынның басында батыс өңірлерде тоқтатылуына әкеліп, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі келіп, тұрақсыз ауа райы болжанады. Термометрлердің бағандары түсуі мүмкін:
батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде -17-25°С, күндіз -5-12°С дейін;
республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -10-17°С, күндіз -3-10°С дейін.
Алайда, Қазақстан аумағына Атлантика мен Ираннан келетін ауа массаларының әсерінен жылы күндердің де болуы күтіледі.