Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Лаос Демократиялық Республикасының Вьентьян қаласында 2022 жылғы
31 қазан - 1 қараша аралығында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) II Өңірлік қауымдастығы елдерінің (Азия) гидрологиясы жөніндегі үйлестіру тобының бірінші отырысы өтті. Сонымен қатар, 2022 жылғы 1-3 қарашада отырыс шеңберінде Азия өңірі елдеріне, оның ішінде Орталық Азия субөңіріне HydroSOS жүйесін енгізу тақырыбында семинар өтті.
Қазақстанның тарапынан іс-шараларға «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары, ДМҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің гидрология жөніндегі кеңесшісі Серік Саиров қатысты.
HydroSOS жүйесі - су объектілерінің гидрологиялық жай-күйін бағалау мен болжаудың жаһандық мониторинг жүйесі. HydroSOS жүйесі гидрологиялық мониторингке, деректермен алмасуға және метеорологиялық болжауға қатысты ДМҰ-ның қолданыстағы және жоспарланып отырған бастамаларына негізделеді. Жалпы, HydroSOS жүйесі гидрометеорологиялық қызметтер мен халық үшін өзекті гидрологиялық ақпарат ұсынатын бірегей оперативті жүйені құруға бағытталған.