2022 жылғы 10 қарашада «Қазгидромет» РМК қызметкерлері «Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы мүдделер қақтығысының алдын алу» атты семинарға қатысты. Оқыту курсы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында бастамашылық жасалған «Integrity review» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Курсты комплаенс қызметтерінің қызметкерлері, әкімдіктердің кадр және заң бөлімшелерінің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары тыңдады.
Семинарда жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы проблемаларды шешу мәселелері қозғалып, қызметкерлердің мүдделерін барынша ескере отырып, жанжалды мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.