Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Күздің соңғы күндерінде елордалық 70-мектептің оқушылары «Қазгидромет» РМК мұражайына келді. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің 100 жылдығына орай 2021 жылғы желтоқсанда Қазгидрометте ауа райы қызметінің ғасырлық тарихы мұражайы ашылды. Қазір Қазақстанның климаты мен географиялық ерекшеліктерін белсенді зерттеп жүрген 7-8 сынып оқушылары үшін Қазгидромет мұражайына бару - қызықты оқиғалардың бірі болды. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері ауа-райы қалай болжанатынын, синоптиктер болжамдарды қалай жазатынын және өз жұмысында қандай аспаптарды қолданатынын айтып, көрсетті. Балалар сала ардагерлерінің тарихи аспаптары мен фотосуреттерін көрді.