21-25 қараша аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында Орталық Азия елдері гидрометеорологиялық қызметтерінің қызметкерлеріне арналған семинар өтуде. Семинардың мақсаты - ақпараттық технологиялар және гидрология мамандарын метеорология, климатология және гидрология (МСН) бойынша цифрлық деректер базасын орнатуға және пайдалануға толық оқыту. Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметтерінің АТ мамандары қатысуда.
Кеңес беруді және оқытуды халықаралық мамандар Майкл Хаазе мен Нирина Равалитера жүргізіп жатыр. "Қазгидромет" РМК қызметкерлері 2017 жылы МСН электрондық базасының бірінші нұсқасын енгізді және оны өз жұмысында белсенді пайдаланады. Мұндай семинарларды өткізу бағдарламаның жаңалықтарын үйрету және МСН-ды одан әрі жетілдіру мақсатында пайдаланушылардың ұсыныстарын тыңдау үшін қажет.