2022 жылғы 24 қарашада Алматы қаласында Орталық Азияда гидрометеорологиялық қызмет көрсетуді жаңғырту жобасының (ОА ГҚКЖЖ) Үйлестіру кеңесінің жыл сайынғы отырысы өтті. Отырысқа Дүниежүзілік Банктің, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның, Халықаралық Аралды құтқару қорының атқару комитетінің, Өңірлік гидрология орталығының өкілдері және жобаны басқару топтарының басшылары қатысты. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерді (ҰГМҚ) қалпына келтіру кезінде қолдау көрсету, сондай-ақ Орталық Азиядағы гидрометеорологиялық және климаттық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, Жоба жұмысы Дүниежүзілік Банктің қаржыландыруымен және Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның қолдауымен сонау 2008 жылы басталды.
Сонымен қатар, отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ҰГМҚ қызметтері қатысты. Барлық Орталық Азия елдеріне экстремалды ауа-райы құбылыстары әсер етеді және сапалы метеорологиялық, су және климаттық қызметтерді ұсыну - осы елдердің тұрақты әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін өте маңызды.
Отырысқа қатысушылар 2022 жылы Жобаның іске асырылу барысы туралы есептерді тыңдап, ОА ГҚКЖЖ бойынша ағымдағы мәселелерді талқылады және 2023 жылға арналған жұмыс бағдарламасы мен іс-әрекет жоспарын келісті.
Қатысушылар өткен жылы қызметкерлерді оқыту, жаңа бағдарламаларды енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді деп қорытындылай келе, ҰГМҚ-ны одан әрі жаңғырту жөнінде ұсыныстар жасады.