Қарашаның екінші онкүндігінде күздік бидай өсірілетін аудандарда (республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында) түнгі уақытта ауа температурасының минус 6...13°С дейін төмендеуі Алматы облысының Қырғызсай және Ұзынағаш станциялары маңындағы учаскелерде күздік бидай вегетациясының тоқтауына себеп болды. Жауын-шашынның көп мөлшері топырақ ылғалының жиналуына қолайлы болды.
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында байқалған учаскелерде күздік бидай егістіктерінде «дәннің өнуі» - «3-ші жапырақ» даму кезеңдері байқалды. Егіннің жай-күйі барлық жерде жақсы және өте жақсы.
2022 жылдың қараша айының 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy