«Қазгидромет» компаниясы «Светоч» балалар үйін туған күнімен құттықтады

IconЖарияланды 28.11.2022

 

23 қарашада «Светоч» балалар үйінің ашылғанына 23 жыл толды. «Светоч» балалар үйі жеке мекемесін 1999 жылы қарашада «Светоч» отбасын және отбасындағы қарым-қатынастарды дамыту қайырымдылық орталығы» ҚҚ негізінде Лилия Вениаминова Соловьева құрды.

1999 жылы балалар үйінде 18 бала болды. Осы жылдар ішінде балалар үйінен 152 бала тәрбиеленіп шықты. «Светоч» балалар үйінде тәрбиеленушілер аудандық олимпиадаларға, конкурстар мен жарыстарға әрдайым белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Қазгидромет қызметкерлері тәрбиеленушілерді балалар үйінің туған күнімен құттықтады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз