2022 жылғы 29-30 қараша аралығында Солтүстік Еуразиялық климаттық орталық (СЕАКО) ТМД гидрометеорологиялық қызметтері арасында маусымдық болжамдар бойынша климаттық форумның жиырма үшінші сессиясын онлайн-режимде өткізуде.
Онлайн-форумның бірінші күні Ресей гидрометеорологиялық орталығының, Ресей ғылым академиясының Г.И. Марчук атындағы Есептеу математикасы институтының (РҒА ЕМИ) және Мәскеу физика-техникалық институтының (МФТИ) жетекші мамандарының баяндамалары тыңдалды.
Екінші күні Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сияқты ТМД елдерінің гидрометеорологиялық қызметтерінің мамандары 2022 жылдың жазы қандай болғанын және 2022-2023 жылдың қысы қандай болатынын талқылады.
«Қазгидромет» РМК Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының мамандары «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 2022 жылғы жазғы кезеңнің фактісі» және «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңге болжам» тақырыбына баяндама жасады.
Онлайн-форум жұмысының негізгі нәтижесі - Солтүстік Еуразия аумағы бойынша алдағы 2022-2023 жж. қысқы маусымның болжамын келісіп (консенсустық) әзірлеу болмақ.