2022 жылғы 2 желтоқсанда Өзбекстанның Ташкент қаласында БҰҰДБ-ның «Орталық Азиядағы киматтың өзгеруі және төзімділік» атты өңірлік жобасы аясында және Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының қолдауымен «Климаттың өзгеруі және төзімділік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі Орталық Азия диалогы» конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің өкілдері қатысты. Іс-шара жан-жақты диалог құруға бағытталған және Орталық Азия мемлекеттерін климаттың өзгеруі салдарын жұмсарту және жасыл даму жолында оған бейімделу арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуде бірлесіп күш салысуыға шақырады. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Мереке Пішембаев басқарды.
Қазақстанның Ұлттық гидрометқызметінің бас директоры Данара Әлімбаева әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған климаттың өзгеруіне төзімділік саласындағы көптеген өзекті мәселелерді ойдағыдай шешу үшін гидрометеорологиялық ақпараттың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады.
«Қазгидромет» РМК - ОА елдері үшін CARFFGS үйлестіру орталығы болып табылады. Баяндама соңында Д. Әлімбаева барлық қатысушылардың жұмысына табыс тілей келе, конференция нәтижелері климаттың өзгеруі және оларға бейімделу мәселелері бойынша негізделген шешімдер қабылдау үшін Орталық Азия елдерінің үкіметіне ғана емес, сондай-ақ әлемдік қоғамдастыққа пайдалы болатынына сенімді екендігін білдірді.