Қарашаның үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар өсірілетін аудандарында көбінесе температуралық фон және жауын-шашын нормадан жоғары болған.
Күздік бидай алқаптарында онкүндіктің соңында Алматы облысының Талдықорған станциясы мен Жамбыл облысының Мерке станциялары маңайындағы егістіктерде вегетациялық кезеңнің тоқтауы байқалған. Түркістан облысының Тасарық станциясының маңайында бидай өсімдіктерінің қайта дамуы байқалған. Күздік бидай дақылдарының жағдайы тегіс жақсы және өте жақсы, өсімдіктердің биіктігі 5-8 см. Қар жамылғысы қардың биіктігі 33 см дейін жеткен Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарынан басқа аймақтарда болмаған, бұл жағдай күздік бидайдың қыстауына қолайлы болады.
2022 жылдың қараша айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy