2022 жылғы 5-7 желтоқсан аралығында Қытайдың метеорологиялық басқармасы Орталық Азиядағы метеорологиялық ғылым және техника жөніндегі жетінші халықаралық семинарды өткізуде. Қатысушылар: ДМҰ
Бас хатшысының көмекшісі, ғылым докторы Вэньцзянь Чжан және Қытай мен Орталық Азия елдерінің гидрометқызмет басшылары.
Орталық Азиядағы метеорологиялық ғылым және техника жөніндегі халықаралық семинар жетінші рет өтуде және ол табиғи гидрометеорологиялық апаттардың алдын алу және жеңілдету, сондай-ақ Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне ден қою саласындағы әлеуетті бірлесіп арттырудың тағы бір дәстүрлі алаңына айналды.
Жыл сайынғы семинардың мақсаты - аймақтағы сарапшылар арасындағы байланысты нығайту, метеорологиялық апаттардың алдын алуға және олардың салдарын әлсіретуге ғылыми-техникалық қолдау көрсету, сондай-ақ аймақтағы климаттың өзгеруіне орай әрекет ету.
Семинарда Қазақстанның атынан қатысып жатқан «Қазгидромет» РМК мамандары климаттың өзгеруіне ден қою мәселелері бойынша еліміздің гдрометқызметінің жұмысы туралы баяндама жасап, семинардың нәтижелері Орталық Азия елдеріне ғана емес, сондай-ақ әлемдік қоғамдастыққа да пайдалы болатынына сенім білдірді.