Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2022 жылғы 7-8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) және Назарбаев Университетімен бірлесіп жыл сайынғы «Climate Talks» білім беру конференциясын өткізеді.
Аталған конференцияның мақсаты БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 27-ші конференциясында қол жеткізілген халықаралық келіссөздердің қорытындыларын, жаһандық климаттың өзгеруінің салдары және әлемде және елде қабылданатын шаралар, парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі механизмдер туралы, сондай-ақ БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы барысында қол жеткізілген нәтижелер туралы кеңінен хабардар ету және тарату, БҰҰДБ Климаттық жобалар портфелін іске асыру болып табылады.
Іс-шараға мүдделі министрліктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар бастамаларының, академиялық қоғамдастықтың өкілдері және халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысады.
Конференцияның екінші күні «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев пен климаттық зерттеулер басқармасының бастығы Светлана Долгих «Климаттық ауа-райы құбылыстары» атты баяндама жасады.