Жаңа бесік өткелі пайдалануға берілді

IconЖарияланды 09.12.2022

"Қазгидромет" РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында жаңа бесік өткелі пайдалануға берілді. Рузаевка ауылының аумағындағы Шарық өзенінің гидрологиялық бекетінде бұл нысанды салу жұмыстары 2022 жылы ұйымдастырылды. Жаңа өткел орнатылған гидрологиялық бекет Шарық, Аққанбұрлық және Есіл өзендеріндегі су тасқыны процесінің дамуын есептеу үшін қажет. Бесік өткелі Шарық өзені мен оның Жембарақ тармағындағы су шығынын сапалы өлшеуге мүмкіндік береді. Гидрологиялық бекеттердің нақты ақпараты өзендердің  тасуының алдын алады және су тасқыны процесін болжауға мүмкіндік береді.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз