Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК және Аустрия Республикасының метеорология және геодинамика жөніндегі орталық агенттігі (ZAMG) Гидрометеорология және қоршаған орта мониторингі саласындағы ынтымақтастыққа ниет туралы меморандумға қол қойды.
Екі гидрометқызмет арасындағы меморандум гидрометеорологиялық, климаттық байқаулар, ақпаратты өңдеу және алмасу, кадрлар даярлау жүйесін дамыту мен жетілдірудің маңыздылығына, сондай-ақ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) қағидаттары мен нормаларын сақтауға негізделген.
Келесі жылы Қазақстан мен Аустрияның гидрометқызметтері бас қосулар, консультациялар және бірлескен жұмыстар жүргізіп, екіжақты және көпжақты кездесулер (оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, конференциялар) ұйымдастыратын болады.
"Қазгидромет" РМК Бас директоры Данара Әлімбаева өз сөзінде қол қойылған меморандум өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ұзақ мерзімді тығыз ынтымақтастықты кеңейте түсуге ықпал ететінін, ал Аустрия тарапының өкілі Герхард Вотава ынтымақтастық нәтижелі болады деп үміттенетінін атап өтті.