«Мирас» мектебінің оқушылары Қазгидрометке келді

IconЖарияланды 13.12.2022

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Астаналық «Мирас» мектебінің бастауыш сынып оқушылары «Қазгидромет» РМК-ге келді. Біздің ғимаратымыздың бірінші қабатында 100 жылдық мерейтойға орай 2021 жылы Ауа-райы қызметінің тарихы мұражайы ашылды. Балалар көрменің экспонаттарын қуана көріп, синоптиктердің, гидрологтардың, метеорологтар мен экологтардың Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, сонау ауыр 90-шы жылдары қалай жұмыс жасағаны және қазіргі жағдайдағы  жұмыс туралы  Қазақстан Гидрометқызметі қызметкерлерінің әңгімесін тыңдады.

Мұражайдан кейін оқушылар Гидрометорталыққа барып, синоптиктердің ауа райы болжамын қалай жазатынын көріп, сұрақтар қойды және экрандардан еліміздің спутниктік суреттерін көрді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз