2022 жылдың желтоқсан айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 13.12.2022

Желтоқсанның бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон нормадан төмен болған, жауын-шашын көбінесе нормадан төмен жауған.

Түнгі ауа температурасының минус 15...24ºС дейін, кей жерлерде 25...26ºС (Алматы облысы)  төмендеуі, елдің оңтүстігі мен оңтүстік – шығысында жеке учаскелерде қар жамылғысы болмағанда күздік дақылдардың қатып қалуына әкелуі мүмкін. Барлық жерлерде орташа тәуліктік ауа температурасының төмендеуі күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің тоқтауына әкелген.

Күздік бидайдың қату түйінінің тереңдігіндегі топырақтың минималды температурасы көбінесе 0ºС минус 3ºС дейін болған.

Батыс Қазақстан облысында күздік дәнді дақылдар себілген аудандарында тұрақты қар жамылғысы жоқ, сондықтан топырақтың беткі қабатының төменгі температурасы (минус 22...24ºС) күздік бидайдың қыстауына қауіпті.

Жалпы, мұндай метеорологиялық жағдайлар оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қысқы дақылдардың қыстауы үшін қанағаттанарлық және елдің батысында қолайсыз болған.

Жайылымдық мал шаруашылығы аумағында тұман, үсік, боран, қырау байқалған. Мал жаю барлық жерде жүргізілген.

Шымның жағдайы көбінесе қатқақ және дымқыл.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз