Қазгидромет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ISO 37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері» халықаралық стандартына сәйкестігіне алғашқы байқау аудитінен сәтті өтті

IconЖарияланды 14.12.2022

2022 жыл ішінде «Қазгидромет» РМК Бас директорының басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен ISO 37001:2016 стандартын қолдау бойынша жұмыс жүргізді. Аталған жұмыс шеңберінде кәсіпорынның жергілікті актілеріне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мүдделер қақтығысы мәселелері талқыланды, кәсіпорынның таңдаулы салалары мен бағыттары бойынша қосымша регламенттер әзірленді, ішкі аудиттер жүргізілді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қайта бағаланды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді және оқыту семинарлары өткізілді.

13-14 желтоқсанда сертификаттау жөніндегі халықаралық органның өкілі - аудитор «Қазгидромет» РМК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкестігіне алғашқы байқау аудитін өткізді. Нәтижелер бойынша аудитор сертификаттау органына сертификаттың қолданылуын бір жылға ұзартуды ұсыну туралы шешім қабылдады.

Өз кезегінде аудитор басшылықтың және бүкіл ұжымның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі қызметке тартылуын атап өтіп, өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз