12-16 желтоқсан аралығында «Қазгидромет» РМК қызметкерлері Германияның Потсдам қаласындағы GFZ-ге барды. «Жасыл Орталық Азия» жұмыс тобының отырысына қатысты, сондай-ақ осы іс-шара шеңберінде су қауіпсіздігі бойынша бесінші Ташкент дәрісі өтті, оның негізгі мақсаты Орталық Азиядағы саяси диалог шеңберінде су ресурстары туралы ғылыми білімді ықпалдастыру болып табылады.
Іс - шараға Қазақстаннан «Қазгидромет» РМК өкілдері-ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев және гидрологиялық процестерді модельдеу және гидрологиялық есептеулер басқармасының бастығы Тұрсын Тілақәрім қатысты.
Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мамандары «Қазақстанда шешім қабылдауды қолдау үшін гидрологиялық болжаудың деректері, құралдары мен әдістері» атты баяндама жасады.