Қазгидрометтің мерейтойлық жылының қорытындысы

IconЖарияланды 27.12.2022

"Қазгидромет" РМК үшін биылғы жыл жарқын және есте қалатын жыл болды. Өйткені 2022 жылы Қазақстанның ауа райы қызметіне 100 жыл толды!

Жыл атаулы күнге арналған маңызды іс-шаралармен есте қалмақ - Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің 700-ден астам қызметкері мерейтойлық медальдармен және грамоталармен марапатталды. Мерейтойға орай сүйікті ісіне 30 жыл немесе одан да көп уақыт бойы үлес қосқан қызметкерлерге арналған  "Қазгидрометтің 100 тұлғасы", сондай-ақ "ХХІ ғасырдағы Қазгидромет. Кеше, бүгін, ертең" атты кітаптар жарық көрді. "Ауа-райын бақылау" деректі фильмі, сондай-ақ қызмет ардагерлерімен және қазіргі мамандармен бірге YouTube арнасында арнайы шығарылымдар дайындалды.

Ағымдағы жылы Дүниежүзілік Банк Австрияның орталық метеорология және геодинамика институтымен (ZAMG) бірлесіп "Қазгидромет" РМК-ге сараптамалық бағалау жүргізді. Нәтижесінде ғылыми инфрақұрылым мен климаттық қызмет көрсетуді жетілдіру жөнінде ұсынымдар берілді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз