- Қыркүйек айында Қазгидрометтің төрағалық етуімен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (ТМД ГМК) 33-ші сессиясы өтті.
- Астанада Орталық Азия елдеріндегі қарқынды дамып келе жатқан су тасқыны жөніндегі басқарушы комитеттің үшінші отырысы офлайн режимінде өтті. Отырысқа Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның, Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері және Орталық Азиядағы гидрометеорологиялық қызметтердің басшылары қатысты.
- Қазгидромет 2027 жылға дейін жарамды, бес жыл мерзімге ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы сертификат алды.
- "Қазгидромет" РМК сонымен қатар Ұлттық гидрометқызметтердің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға үлес қосады. 2022 жылғы қарашада Қазгидромет басшысы Данара Әлімбаева Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Ra VI өңірлік қауымдастығының өңірлік конференциясында панельдік сессияның негізгі баяндамашысы ретінде инфрақұрылым, қызметтер және зерттеулер саласындағы Ra VI ұлттық гидрометқызметтерінің халықаралық ынтымақтастығы туралы баяндама жасап, онда мониторинг және алдын алу жүйелерін интеграциялауға мүдделі екенін білдірді, ал Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өз кезегінде Қазақстан Республикасының Батыс пен Шығысты байланыстыратын көпір екенін атап өтті.
- Қазгидромет "Климаттың өзгеруі жағдайындағы гидрометеорологиялық қызметтің рөлі" тақырыбына бейнеконференция ұйымдастырды және оған Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысының орынбасары
Е. Б. Монаенкова, ТМД ГМК өкілдері және ТМД гидрометеорологиялық қызметтерінің басшылары қатысты;
- Қазгидромет VI аймақтық қауымдастықтың конференциясына, жыл сайынғы "Climate Talks" білім беру конференциясына және басқа да көптеген халықаралық семинарлар мен конференцияларға белсене қатысты.
- 2022 жылы Потсдам климатты зерттеу институтымен (Германия) және Аустрия метеорология және геодинамика институтымен (Авустрия) өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ "BINOM EDUCATION"ЖШС-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.