Қазақстан мен ТМД елдерінің көрнекті гидролог-ғалымы, гидрологиялық процестерді математикалық модельдеу және гидрологиялық есептеулер мен болжамдар әдістерін әзірлеу саласындағы маман Всеволод Викторович Голубцов 93 жасында 2023 жылғы 5 қаңтарда қайтыс болды, алайда оның жарқын бейнесі әріптестерінің жадында мәңгі қалады.
Всеволод Викторович өзінің бүкіл еңбек жолын Қазақстанның су ресурстарын зерттеуге арнады. В. В. Голубцовтың 60 жылдан астам уақыт атқарған ғылыми қызметі Қазақстан Республикасының Гидрометқызметімен байланысты болды.
Оның басшылық етуімен республиканың су ресурстары және олардың гидрологиялық режимі туралы білімді сапалы жаңа деңгейге көтерген эксперименттік және теориялық зерттеулердің үлкен кешені орындалды.
В.В. Голубцов жазық және тау өзендерінің жылдық ағынын, Балқаш көлі суының минералдануын, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінің деңгейлік режимі мен су балансын модельдеу мен есептеудің өзіндік әдістерін әзірледі. Ғылыми-қолданбалы монографияларда баяндалған оның зерттеу нәтижелері Қазақстан экономикасының түрлі салаларында кеңінен қолданылады.
В.В. Голубцов «КСРО Гидрометқызметінің үздігі» белгісімен марапатталып, КСРО Мемгидрометінің Құрмет кітабына енгізілді, сондай-ақ селтану саласындағы ерекше еңбегі үшін С.М. Флейшман атындағы медальмен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Ұжымда зиялылығы, зейінділігі және бауырмалдығы үшін оны құрмет тұтты.
Всеволод Викторович Голубцовтың қайтыс болуына байланысты отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
«Қазгидромет» РМК-де бірге жұмыс атқарған әріптестері, шәкіреттері мен достары