МӘЛІК ЖОЛДАСҰЛЫ БӨРЛІБАЕВТЫҢ  жарқын бейнесі мәңгі жадымызда қалады!

IconЖарияланды 05.01.2023

Академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Жолдасұлы Бөрлібаев  65 жасында қайтыс болды.

М.Ж. Бөрлібаев 1996 жылдан бастап Қазгидромет жүйесінде әуелі аға ғылыми қызметкер, кейін зертхана меңгерушісі, ғылыми хатшы, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары және бас директоры лауазымдарын атқарды.

М. Ж. Бөрлібаев он екі ғылым кандидаты мен бір ғылым докторын дайындады. Негізгі ғылыми бағыттары - гидроэкология мәселелері, өзен суы жиналатын орындардың су баланстары, гидрохимия, су ресурстарын ұтымды пайдалануды ғылыми қамтамасыз ету, жер үсті суларының динамикасын модельдеу және су экожүйелерінің тұрақты дамуы. 250-ден астам жарияланған ғылыми еңбектері, оның ішінде 39 ғылыми монографиясы бар. Су қоймалары мен ірі гидротехникалық құрылыстардан төмен өзендердің экологиялық ағынын ғылыми негіздеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар әзірлегені үшін КСРО ХШЖК-нің алтын медалімен марапатталды. 2003 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталды. ҚР Қоршағанортаминінің «ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 20 жыл», ҚР БҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін» медальдары берілді.
ҚР Қоршағанортаминінің «Экология саласының үздігі», ҚР ЭГТРМ-нің «Қазақстан Республикасының су шаруашылығы саласының үздігі» және «Қазақстан Республикасының гидрометеорологиясы қызметінің үздігі»  төсбелгілерімен марапатталды.  Сонымен қатар Қазақстан Республикасы үшін ғылыми кадрлар даярлағаны үшін 2014 жылы Қазақстан Республикасының педагогика ғылымдары академиясының «Ы. Алтынсарин» орденімен марапатталды.

2017 жылы өткен Мемлекет басшыларының 13-саммитінде «Су ресурстарын қорғау» ғылымына қосқан зор үлесі үшін экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің алтын медаліне және «ECO AWARD 2017» сыйлығына ие болды.

Мәлік Жолдасұлы Бөрлібаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

 

«Қазгидромет» РМК-де бірге қызмет атқарған әріптестері, шәкірттері мен мен достары

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз