1932 жылдың қазан айында Қазақстанда алғаш рет Алматы ауа райы бюросы құрылды, ол синоптикалық карталарды енгізуге және қысқа мерзімді ауа райы болжамдарын жасауға кірісті (бір-үш тәулікке). 30 жылдың ішінде Алматы ауа райы Бюросының құрамына қысқа мерзімді ауа райы болжамдары бөлімінен басқа ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары, гидрологиялық болжамдар және ауыл шаруашылығы метеорологиясы секторы кірді.
Осы жылдар ішінде ауа райы бюросынын құрамы бірнеше рет өзгерді. Бұл Қазақстандағы ең ірі болжамдық орталық, оған метеорология, гидрология, агрометеорология бойынша болжамдық бөлімдер, гидрометеорологиялық болжамдарды енгізу және автоматтандыру бөлімі, гидрометқамтамасыз ету және аудару топтары кірді.
Гидрометорталық заманауи жабдықтармен және технологиялармен жабдықталған, Қазгидрометтің негізгі өндірістік бөлімшелерінің бірі, республиканың бүкіл аумағы бойынша бір тәуліктен маусымға дейінгі кезеңге ауа райы болжамдарын шығаратын жалғыз болжамдық бөлімше болып табылады. Гидрометеорологиялық орталық алдында тұрған басты міндет -қауіпті, апатты гидрометеорологиялық құбылыстар және ауа райының күрт өзгеруі туралы дабылды ескертулерді жасау және тұтынушыларға уақтылы жеткізу болып табылады. Уақытылы жасалған және тұтынушыларға берілген ақпарат апатты құбылыстың зақымдануын болдырмауға немесе азайтуға ғана емес, сонымен бірге адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның әр облысында болжамдық бөлімшелер бар, Қазақстанда ауа райына 100 синоптик-болжаушы жауап береді.
Төтенше жағдайлар кезінде гидрометеорологиялық орталық гидролог, метеоролог және эколог мамандармен бірлесіп жедел шешімдер қабылдау үшін ахуалдық орталық қызметін атқарады.