Бұл туралы бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Қазсушар» РМК және «Қазгидромет» РМК өкілдері ҚР ЭТРМ СРК төраға міндетін атқарушы– Бекмағамбетов Досбол Боташұлының төрағалығымен өткен брифингте хабарлады.
Қазіргі таңда Республика аумағындағы ірі су қоймалар бойынша орташа толу 60-70 % құрайды. Ірі су қоймаларына ағынның күтілетін көлемі норма шегінде. Барлық су қоймаларында су қабылдауға арналған бос көлемдер бар.
Сонымен қатар, республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суларды апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді, объектілерді тексеру актілері мен дайындық паспорттары, сондай-ақ ТЖ туындау қаупі дәрежесі бойынша су шаруашылығы объектілерінің тізбелері жасалды
«Республиканың су тасқынынан өту қаупі жоғары өңірлерінде Министрлік суды қауіпсіз өткізу мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыруда:
- кезекшілік кестесі бекітілді, Су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде;
- гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қағидаларына сәйкес әрбір су қоймасы үшін су қоймаларын толтыруға және күтілетін түсімге байланысты режим кестелері бекітілді;
- «Қазсушар» РМК филиалдарының және бассейндік инспекциялардың өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамына енгізілді;
- министрлікпен көрші мемлекеттерде орналасқан трансшекаралық су объектілерінде су жинақтау көлемі талданатын болады;
- «Қазсушар» РМК филиалдарында ТЖ туындаған жағдайда: автокөлік және арнайы техника - 1403 бірлік, ЖЖМ – 3500,0 тн. дайындалды, инертті материалдар – 50 000 тонна, қаптар – 38 200 дана дайындалған жәнежалпы ұзындығы 150шақырымболатын кіреберіс және пайдалану жолдарынан қар тазарту жұмыстары атқарылған.» – деп төраға міндетін атқарушы мәлімдеді.
Сондай-ақ, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді.
Гидрометео жағдайлар күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" РМК су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала 2-3 тәулік бұрын хабардар ететін болады.