Қаңтардың екінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон нормадан 8…15ºС төмен болған, жауын-шашын нормадан төмен жауған.
Тәуліктің түнгі уақытында ауа температурасының Алматы облысында минус 37ºС дейін, Жамбыл және Түркістан облыстарында минус 30ºС дейін төмендеуі, қар жамылғысы біркелкі таралмағанда күздік бидайдың қатып қалуына әкелуі мүмкін.
Алматы облысының күздік бидай өсірілетін аудандарда қардың биіктігі 3-21 см дейін, Түркістан облысында 8-19 см дейін және Жамбыл облысында 3-13 см дейін жеткен, мұндай жағдай жел күшейген жағдайда топырақты қар жамылғысыз қалдыруы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының күздік дәнді дақылдар өсірілетін аудандарда қар жамылғысы (8 см) сақталған, ол топырақ бетінде біркелкі таралғанда өсімдіктерге қорғаныш болады, бірақ топырақ бетінің төменгі температурасы (минус 28...30ºС) қатып қалуына әкелуі мүмкін.
Түркістан облысында күздік бидайдың түптену түйіні тереңдігінің (3 см) ең төменгі температурасы 0ºС минус 1ºС дейін және Алматы облысында минус 5ºС құраған.
Өткен онкүндікте мал жайылымы барлық мал шаруашылығы аудандарында жүргізіген. Ақтөбе облысының Әйтеке би және Қобда аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Жаңыбек ауданында, Қарағанды облысының Шет ауданында және Қостанай облысының Арқалық ауданында малдарды қораларда ұстауға көшкен.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Ақтөбе облысының Ыргыз ауданында (Нұра станциясы) және Жетісу облысының Қаратал ауданында (Ақжар станциясы) қатты тапталған жайылымдық жерлер байқалды.
Жайылымдық мал шаруашылығының барлық аймағында шымның жағдайы көбінесе дымқыл, кейбір жерлерде қатқақ болған.