Айдың бірінші онкүндігінде жылу мен ылғалға толы Атлантикалық циклондар сериясының өтуі Қазақстан аумағында жылы ауа райын тудырды. Рекордтық көрсеткіштер температура мен жауын-шашын бойынша байқалды. Мысалы, 02 қаңтарда Атырау (Атырау облысы) метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +9,4°С тіркелді, осылайша 1958 жылғы рекорд (+5,4°С) жаңартылды, Жаңаүштоған метеостанциясында (Атырау облысы) ең жоғары ауа температурасы +10,2°С болды, соңғы рет сол күні абсолюттік максимум 1971 жылы (+7,8°С) байқалды, Құлсары метеостанциясында (Атырау облысы) термометр бағаны +5,7°С белгісіне жетті, бұл 1958 жылғы рекордты (+3,9°С) жаңартты, Тайпақ метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) ең жоғары ауа температурасы +6,4°С болды, осылайша, 1948 жылғы ауа температурасы +4,3°С құраған рекордынан асты. 05 қаңтарда бірқатар метеорологиялық станцияларда ауаның ең жоғары температурасы бойынша рекордтар байқалды: Арал метеостанциясында (Қызылорда облысы) ауа температурасы +3,8°С құрады, соңғы рет сол күні 1948 жылы рекорд +2,9°С болды, Балқаш метеостанциясында (Қарағанды облысы) термометр бағаны +2,4°С белгісіне жетті, осылайша 2010 жылғы рекорд (+2°С) жаңартылды, Есіл метеостанциясында (Ақмола облысы) ауаның максималды температурасы +0,9°С болды, 1979 жылдың дәл осы күні ауа температурасы 0° құраған болатын, Семей метеостанциясында (Абай облысы) ауа температурасының рекордтық көрсеткіші +3,5°С белгісіне жетті, осылайша 1979 жылғы рекорд (+3°С) жаңартылды. 08 қаңтарда Кішкенекөл метеостанциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) абсолютті максимум +2,0°С тіркелді, осылайша 2022 жылғы +1,1°С құраған рекордтан асты.
Сондай-ақ, табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың критерийлеріне жеткен өте қатты қар байқалды. Мысалы, Түркістан облысында өте қалың қар жауды: 02-03 қаңтарда Ащысай метеостанциясында жауын - шашын мөлшері 31,4-53 мм құрады, нормасы 72 мм, 03 қаңтарда Қожахметова метеостанцияда
-37,7 мм (норма 52 мм). 05 қаңтарда АМС (автоматты метеорологиялық станция) Сограда (Шығыс Қазақстан облысы) өте қатты қар - 20 мм тіркелді. Онкүндіктің соңында 09-10 қаңтар күндері Шуылдақ метеостанциясында (Түркістан облысы) өте қатты қар жауды - 27,2 мм, нормасы 72 мм.
Жамбыл облысында 03, 06 қаңтарда қатты жел байқалды, екпіні
30-36 м/с-қа жетті: 03 қаңтарда Тараз, Қаратау және Саудакент метеостанцияларында, сондай-ақ Ынтымақ АМС, 06 қаңтар Нұрлыкент АМС, 10 қаңтар Жосалы Кезен асуы АМС (Алматы облысы), Достық АМС (Жетісу облысы).
10 қаңтарда Жаркент (Жетісу облысы) М-да көріну қашықтығы 50 м құрайтын өте қалың тұман байқалды.
Екінші және үшінші онкүндіктерде республика аумағында жауын-шашынсыз және желсіз антициклоналды ауа райы басым болды. Солтүстік-батыс антициклонының әсерімен және Моңғол антициклонының күшеюімен республиканың басым бөлігінде аязды күндер байқалды, тіпті еліміздің солтүстік және оңтүстік аймақтарында температуралық рекордтар байқалды. Мысалы, 10 қаңтарда Ақтау метеостанциясында (Маңғыстау облысы) ауаның ең төменгі температурасы -15,9°С құрады, осылайша 1974 жылғы рекорд (-13°С) жаңартылды, Есіл метеостанциясында (Ақмола облысы) термометр бағаны -41°С белгісіне жетті, соңғы рет сол күні абсолютті минимум 1996 жылы
-36,5°С құрады, Қарабұтақ метеостанциясында (Ақтөбе облысы) ауа температурасының рекордтық көрсеткіші -34,7°С белгісіне жетті, бұл 2015 жылғы рекордты (-25,7°С) жаңартты, сол күні Мұғалжар метеостанциясында (Ақтөбе облысы) ауаның ең төменгі температурасы -32,3°С болды, осылайша 1996 жылғы ауа температурасы -26,7°С болған кездегі рекордтан асты. 13 қаңтар еліміздің оңтүстік аудандарына рекордқа толы күн болды. Мысалы, Тараз метеостанциясында (Жамбыл облысы) термометр бағаны -26,9°С белгісіне жетті, осылайша 1974 жылғы рекорд (-23°С) жабылды, Шардара метеостанциясында (Түркістан облысы) ауа температурасының рекордтық көрсеткіші -22,8°С белгісіне жетті, 1974 жылы сол күні ауа температурасы
-16,6°С-ты құраған болатын, Шымкент метеостанциясында (Түркістан облысы) ең төменгі ауа температурасы -25,2°С құрады, осылайша 1974 жылғы рекордтық көрсеткіш (-19,6°С) жаңартылды.
Астана қаласында 2023 жылғы қаңтарда метеорологиялық бақылаулар деректері бойынша ең төменгі ауа температурасы 10-11 қаңтарда -32,8°С құрады, ең жоғары ауа температурасы 08 қаңтарда +1,9°С болды. Бір айда жауған жауын-шашын 26 мм (норма 18 мм) болды, бұл норманың 146%-ын құрады.