2023 жылғы 14-15 ақпанда «Қазгидромет» РМК қабырғасында Орталық Азияның үш елінің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдеріне арналған оқыту семинарларының сериясы өтуде. Екі күндік семинарға Қырғызгидромет, Тәжікгидромет және Өзгидромет өкілдері қатысады.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым «Орталық Азиядағы су тасқыны туралы ерте хабарлау жүйесі (CAFEWS)» жобасы аясында «Қазгидромет» РМК базасында Орталық Азия елдері үшін үйлестіру орталығын құрды. Ағымдағы семинар гидрологтар үшін ұйымдастырылды, онда Қазгидромет мамандары Сырдария трансшекаралық өзені бойынша қарқынды дамып келе жатқан су тасқынын болжауда табысты тәжірибелерімен бөліседі. Қазақстан өзеннің төменгі ағысында орналасқандықтан, су тасқыны мен Сырдария деңгейін болжау ағыс бойынша жоғары орналасқан шектес мемлекеттерден алынған деректер негізінде жүргізіледі. Қазақстандық гидрологиялық деректерді біріктіреді және өзінің мониторингі негізінде өзеннің төменгі ағысындағы су тасқыны болжамының ақталуының жоғары пайызын көрсетеді.