Қазгидромет мамандары Агроболжау және ауылшаруашылығы саласына мамандандырылған қызмет көрсетудегі жетістіктер туралы айтып берді

IconЖарияланды 22.02.2023

2023 жылғы 22-23 ақпанда «Қазгидромет» РМК-да Орталық Азияның үш елінің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдеріне арналған оқыту семинарлары сериясы өтуде. Екі күндік семинарға Қырғызгидромет, Тәжікгидромет және Өзгидромет өкілдері қатысады.

Ағымдағы семинар агрометеорологтар үшін ұйымдастырылды, онда Қазгидромет мамандары фермерлерге арналған «AgroData» жеке веб-қосымшасының және агрометеорологиялық ақпаратты жедел өңдеуге және беруге арналған мамандандырылған қосымшаның жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ фермерлер мен уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынылатын өнімдер тізбесін кеңейту мақсатында, «Қазгидромет» РМК-ға агрометеорологиялық болжамдаудың жаңа модельдері енгізіледі және болжамдаудың, оның ішінде әртараптандыру дақылдары мен құрғақшылықты болжаудың қолданылатын әдістері жетілдіріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз