2023 жылғы 27-28 ақпанда Самарқанда Орталық Азиядағы Гидрометеорологиялық қызмет көрсетуді жаңғырту жобасын үйлестіру кеңесінің қорытынды отырысы өтті.
Іске асыру кезеңінде жоба Орталық Азияның гидрометқызметтері өз әлеуетін нығайтатын негізгі платформалардың біріне айналды.
Әрбір ел жобаның артықшылықтарын келесі салаларда алды:
- ақпаратты қабылдау, өңдеу және алмасу мәселесі бойынша ҰГМҚ арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
- ақпарат алу, сақтау және алмасу бойынша ҰГМҚ техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін нығайту;
- гидрометеорологиялық өнімдермен тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту;
- бақылау бөлімшелерінің қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
«Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Алимбаева сессияаралық кезеңнің қорытындылары және жобаны одан әрі іске асыруға дайындығы туралы баяндама жасады.
Отырыс жұмысында біздің аймақтың барлық елдері үшін өзекті болып табылатын гидрометеорологиялық қамтамасыз ету және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, талқыланады.