2023 жылдың 1 наурызында онлайн форматта Каспий теңізінің Гидрометеорология жөніндегі үйлестіру комитетінің (КАСПКОМ) 6-шы (26) сессиясы болып өтті
Сессия отырысына Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Түркіменстан ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің делегациялары қатысты.
КАСПКОМ Каспий теңізінің жай-күйі туралы ақпарат беру және алмасу мәселесі бойынша гидрометқызметтердің қызметін үйлестірудің тұғырнамасына айналғандықтан бұл кездесу маңызды оқиға болып табылады. Тараптар бірқатар мәселелерді, сонымен қатар Жаңа Регламентті бекітуді талқылады. Сессия барысында әзірленген ұсынымдар әлеуметтік-экономикалық дамуға, елдеріміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және Каспий акваториясында биоәртүрлілікті сақтауға үлес қосатын болады.