Наурыз - көктемнің бірінші айы. Ұзақ уақыт болған аяз көптен күткен көктемгі жылумен ауысады, орташа айлық ауа температурасы Қазақстан Республикасының басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-батысында норма шамасында күтіледі.
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батыста норма шамасында болжанады.
Наурыз айы тұрақсыз ауа райымен басталады. Баренц және Карск теңіздер аудандарынан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынның жаңбыр және жылбысқы қар түрінде әкеледі, бұрқасын солтүстік жартысында болжанады, оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. ҚР облыстарының басым бөлігінде көктайғақ, желдің 18-25 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Наурыз айының басында солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 0,-5°С, күндіз -2+5°С, оңтүстікте түнде -3+10°С, күндіз +13+20°С-қа дейін жоғарылауы болжанады. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс суық антициклонымен ауа температурасының түнде -5-12°С, күндіз 0,-8°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Қазақстан республикасының қалған аумағында 03-04 наурызда ауа температурасының төмендеуі болжанады:
-солтүстік жартысында түнде -10-18°С, күндіз -3-10°С-қа дейін;
- оңтүстік жартысында түнде 0,-8°С, күндіз +5+13°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында республика аумағында қайтадан тұрақсыз ауа райы күтіледі, бұл Батыс циклондарының ықпалымен және Оңтүстік Каспий циклонының шығуымен байланысты болады – жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, күндізгі ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауымен болады. Солтүстік жартысында күндіз -2+5°С дейін, оңтүстік жартысында +17+22°С дейін жоғарылауы болжанады. Ауа температурасының тағы бір төмендеуі Батыс антициклонымен байланысты онкүндіктің соңында болжанады.
Екінші онкүндіктің басында ҚР басым бөлігінде Иран аудандарынан жылы ауа массаларының ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстік жартысында +3+10°С дейін, оңтүстік жартысында +18+25°С дейін жоғарылайды.
Наурыздағы ауа райы құбылмалы, бұл осы айға тән, еру көбінесе аязды күндермен алмастырылуы мүмкін және қысқы боран әлі де ойнауы мүмкін.
Екінші онкүндіктің кей бір кундерінде суық арктикалық ауа массалары енуі ауа температурасының төмендеуіне әкеледі:
солтүстік өңірлерде түнде -15-23°С, күндіз -5-10°С-қа дейін;
еліміздің батысында, орталығында, шығысында түнде -13-18°С, күндіз 0,-5°С-қа дейін;
оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -2-10°С, күндіз 0,+5°С-қа дейін.
Республикада нағыз көктемгі ауа райы айдың үшінші онкүндігінде күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз біртіндеп +15+25°С-қа дейін, солтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.