2023 жылдың 27 ақпанынан бастап 4 наурызы араалығында Климаттық оңтайландырылған ауыл шаруашылығы – JSB жобасы шеңберінде Жапонияда БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымдастырған оқыту туры өтті.
Жоба төмен көміртекті және ресурстарды үнемдейтін шешімдер мен технологияларды енгізуде ауыл шаруашылығының шағын және орта кәсіпорындарын (фермерлерді) және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға, сондай-ақ құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті құрылымдардың сараптамалық және техникалық әлеуетін күшейтуге бағытталған.
Қазақстандық ұлттық гидрометеорологиялық қызмет Жапон метеорологиялық агенттігі әріптестерінің жұмысымен және болжамдау саласындағы заманауи құралдармен, оның ішінде әртүрлі модельдердің көмегімен құрғақшылықтың басталу белгілерімен танысты. Сондай-ақ, Қазгидромет қызметкерлері спутниктік деректер, құрғақшылықты модельдеу және қоршаған ортаны бақылау саласындағы жапондық ғылыми зерттеулерді пайдалану мүмкіндіктерін бағалады.
Мұндай іс-шаралар озық елдердің тәжірибесін алуға және мониторинг және болжау саласындағы дамудың жаңа бағыттарын ашуға мүмкіндіктер береді.