2023 жылдың 7 наурызында «Қазгидромет» РМК және «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ деректер базасымен СРББАТЖ интеграциялау мүмкіндіктері мәселелеріне арналған ҚР ЭТРМ СРК су ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне (СРББАТЖ) техникалық талдау (Аудит) жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау шеңберінде жұмыс кеңесі өтті.
Ұйымдастырушы болып Су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID өңірлік жобасы және ҚР ЭТРМ «Қазгидромет» РМК шықты.
Кеңеске қатысушылар, ал бұл ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитетінің, ҚР ЭТРМ Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау департаментінің қызметкерлері, СРББАТЖ аудитін орындайтын ұлттық сарапшылар тобы, «Қазгидромет» РМК мамандары және «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ өкілдері СРББАТЖ аудитінің іске асырылу барысын талқылады.
Қазгидрометтің Гидрология департаменті өзінің цифрлық деректер базасымен жұмыс істеу ерекшеліктерін таныстырды. «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ ҚР ЭТРМ СРК тапсырысы бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелерін көрсетті.
Кездесудің негізгі бөлігі «Қазгидромет» РМК және «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ деректер базасымен СРББАТЖ интеграциялау мүмкіндіктерін талқылауға арналды.
ҚР Су ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі (СРББАТЖ) 2009 жылдан бастап 2014 жыл аралығында әзірленді.
Қазіргі таңда су ресурстарын басқару бойынша жақсы өнімдерді өңдеу және алу үшін онда жаңа деректер базасын біріктіру бойынша келіссөздер жүргізілуде.