2023 жылғы 13 наурызда аса дарынды, жоғары білікті маман, жетекші климатолог, климаттың өзгеруін зерттеу, осалдығын бағалау және экономиканың климатқа тәуелді салаларын климаттың өзгеруіне бейімдеу шараларын әзірлеу саласындағы ғалым, география ғылымдарының кандидаты – Долгих Светлана Анатольевнаның туғанына 60 жыл толады.
Светлана Анатольевна 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) метеорология бөлімінің география факультетін «Инженер-метеоролог» мамандығы бойынша ойдағыдай тәмамдап, сол жылы ҚазМУ-дың бөлуі бойынша өзінің еңбек жолын Қазақ ғылыми-зерттеу гидрометеорологиялық институтында (кейін Қазақ қоршаған орта және климат мониторингі ғылыми-зерттеу институты, содан соң Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты болып аталған) ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары бөлімінің инженері ретінде бастап, климат, метеорология және озон проблемалары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері лауазымына дейін көтерілді. 2004 жылдан бастап ҚазЭжКҒЗИ ғылыми хатшысы болып жұмыс істеді.
2005 жылдың наурыз айында Светлана Анатольевна «Қазгидромет» РМК-ге жұмысқа ауысып, қолданбалы метеорологиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Қазіргі уақытта Долгих С.А. -«Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының Климаттық зерттеулер басқармасының бастығы болып табылады.