2023 жылғы 14 наурызда Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы (ТЖТҚАО) үздік тәжірибе мен практика негізінде Қазақстан Республикасында құрғақшылықты мониторингілеу, болжау, салдарын азайту және оған ден қою бойынша дағдыларды пысықтау тренингін ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстанда БҰҰДБ жобасының «Құрғақшылыққа мониторинг және болжау негізінде құрғақшылыққа ден қою жүйесін құру» компонентін іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Семинарға ҚР ТЖМ, ҚР АШМ, ҚР ЭТРМ, «Қазгидромет» РМК, «Қазсушар» РМК өкілдері және «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қатысты.
Сарапшылар ұлттық және жергілікті деңгейде құрғақшылықты болжау, оның салдарын азайту және оған ден қоюда Қазақстан Республикасының әлеуетін күшейту жөніндегі шараларды ұсынды.
Құрғақшылықты болжау әдістерін жақсарту бойынша мүмкіндіктер таныстырылды, құрғақшылық басталуы туралы ескерту және ауыл шаруашылығы саласында шаралар қабылдау бөлігінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.