Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Фондық анықтама
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Мемлекеттік климаттық кадастр
Метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтер базасы
Ауа сапасы мен жер үсті суларының сапасының интерактивті карталары
15 наурызда Астанада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) сезімталдық картасын әзірлеу жөніндегі іс- шараларды іске асыру шеңберінде OSPRI сараптамалық қолдауымен -Мұнайдың апаттық төгілуін жоюға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бастама (Каспий теңізі – Қара теңіз – Орталық Еуразия) бір күндік семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске мұнай индустриясы мен мемлекеттік органдардың қатысуымен бірқатар елдерде сезімталдық карталарын әзірлеуге қатысқан халықаралық консультант Линдсей Пейдж-Джонс шақырылды.
Іс-шараның мақсаты-Каспий теңізінің Қазақстандық секторы үшін сезімталдық картасын әзірлеу бойынша одан әрі шаралар әзірлеу.
Оқыту курсының міндеттері-сезімталдық картасын әзірлеу қағидаттары, карталардың негізгі кезеңдері мен үлгілері, ҚР-да сезімталдық картасын әзірлеу жобасын іске асырудағы ағымдағы кезең туралы ақпарат алмасу, сезімталдық картасын одан әрі әзірлеу және үдерісті басқару, сондай-ақ карталарды қалыптастырудағы ықтимал қатысушыларды анықтаудың ұсыныстарын талқылау және әзірлеу.