Наурыздың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дәнді дақылдар себілетін аудандарында температура және жауын-шашын көбінесе нормадан жоғары болған.
Түркістан облысында қолайлы ауа температурасы фонында күздік бидай мен жоңышқа вегетациясының қайта өсіп-өнуі байқалған, күздік бидайдың қыстауына қолайлырақ жағдай болған. Күздік бидай егістіктерінің жағдайы көбінесе жақсы, Т.Рысқұлов станциясының маңайында қанағаттанарлық болып бағаланған. Жоңышқа шөптерінің жағдайы жақсы және қанағаттанарлық.
Жетісу (Талдықорған станциясы) және Алматы (Ұзынағаш станциясы) облыстарында күздік бидай вегетациясының қайта өсіп-өнуі байқалған, өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы. Осы өңірлердегі жоңышқа және беде шөптерінің жағдайы жақсы әрі қанағаттанарлық, Алматы облысының Есік станциясы маңайында нашар, жаппай шөптердің қайта өсіп дамуы орын алған.
Батыс Қазақстан облысында орын алған метеорологиялық жағдайлар күздік дәнді дақылдарының қыстауы кезеңінің аяқталуына қолайлы болған.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында Т.Рысқұлов станциясының маңайында топырақты алдын ала өңдегеннен кейін көктемгі арпа себуге кіріскен.
Өткен онкүндікте қыстық жайылымдарда мал жайылымы жаппай жүргізілген, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Қобда аудандарында, Қарағанды облысының Шет ауданында және Қостанай облысының Арқалық ауданында малдар қыстақтарда қалып отыр. Алматы облысының Жамбыл ауданында және Атырау облысы Қызылқоға ауданында төлдеу науқаны басталды.
Жайылымдар әлсіз және бірқалыпты тапталған. Шымның жағдайы көбінесе дымқыл болған.