14-15 наурызда Швейцарияның Женева қаласындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) штаб-пәтерінде VI өңірлік қауымдастыққа (РА VI) қатысушы елдер үшін гибридті форматта семинар өтті. Іс-шараға Қазақстан, Румыния, Босния және Герцеговина, Түркия сияқты ДМҰ-ның интеграцияланған жаһандық бақылау желісі (ИЖБЖ) бойынша өңірлік орталықтар ретінде әрекет етуге ниет білдірген елдердің гидрометқызметтері қатысты.
Қазгидромет делегаттарының құрамына Н.Абаев, Б.Сайлыбаев, Д.Зайнулдинова кірді.
2020-2024 жылдарға арналған ИЖБЖ қызметінің алты негізгі басым бағыттарының бірі ретінде ИЖБЖ аймақтық орталықтарды (АОИ) қалыптастыру анықталды. ДМҰ-ға мүше елдерге үйлестіру мен қолдауды қамтамасыз ететін Ұлттық, сондай-ақ өңірлік деңгейде ДМҰ-ның ИЖБЖ жүзеге асырылуын ілгерілетуде АОИ маңызды рөл атқарады. АОИ-дің міндетті функциялары ретінде метадаттарды басқару және деректер сапасын бақылау анықталды.
Жұмыс кездесуі барысында АОИ кандидат-елдеріне ИЖБЖ және АОИ функциялары мен құралдарымен таныстырылды.
Сондай-ақ VI Өңірлік қауымдастық үшін ИЖБЖ (АОИ) Өңірлік орталықтың тұжырымдамасы және RA VI үшін АОИ іске асыру жоспарының жобасы әзірленді.
Кездесу соңында қатысушылар кездесудің жоғары сенім мен өзара түсіністік рухында өткенін атап өтті.