Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Кезеңнің басында, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік, шығыс жартысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай, 19 наурызда Алматы облысының, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің батысында күтіледі. Антициклонның енуімен кезеңнің екінші жартысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі болжанады.
Температуралық фонға келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек кезеңнің екінші жартысында ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 7-20 аязға дейін, күндіз 0-8 аязға дейін төмендеуі күтіледі.