2023 жылғы 27 наурызда Алматы қаласында құрғақшылықты мониторингілеу және болжау негізінде оған ден қою жүйесін құру бойынша қорытынды тренинг өтті. Іс-шараға ҚР ЭБЖМ, ҚР ТЖМ, ҚР АШМ өкілдері, сарапшылар тобы, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК агрометеоролог мамандары мен облыстық филиалдарының басшылары қатысты.
Тренингті озық тәжірибе мен практика негізінде ұлттық және жергілікті деңгейлерде Қазақстан Республикасындағы құрғақшылыққа мониторинг жүргізу, оны болжау, салдарын бәсеңдету және ден қою дағдыларын пысықтау бойынша БҰҰДБ жобасы шеңберінде Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы ұйымдастырды.
Тренингке қатысушылар бұл жобаны іске асыру құрғақшылықты болжаудың заманауи жүйесін құруға және болжамдардың сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.