Еліміздің оңтүстік облыстарында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай болған.
Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарының бақылау учаскелерінде топырақты алдын-ала өңдегеннен кейін жаздық арпаны себуге кіріскен, ерте себілген егістерде «дәннің өнуі» - «3-жапырақ» кезеңдері байқалған. Егістердің және өсімдіктердің жағдайы жақсы.
Наурыздың үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон нормадан жоғары, жауын-шашын нормадан төмен болған.
Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы. Даму фазасы «көктеу» - «түптену», жеке учаскелерде «түтікке шығу». Шымкент қ. маңайындағы бақылау учаскелерінде бидайды арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңдеуге кіріскен.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасының жоғарылауы егістіктерде қардың тез еруіне және күздік бидай өсімдіктерінің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал еткен.
Оңтүстік облыстардың жеміс дақылдары бақшаларындағы (алма, алмұрт, таңқурай) бақылау учаскелерінде «ағаш бүршіктерінің бөртуі» – «бүршік шығару» даму фазасында, Жетісу облысының Жаркент станциясының маңайындағы алма бақтарында «гүл шоғырларының пайда болуы» кезеңдері байқалған. Жеміс дақылдарының жағдайы көбінесе жақсы, Талдықорған станциясының маңындағы алма бақтарында қанағаттанарлық.
Оңтүстік облыстардың бақылау учаскелерінде шөптердің (жоңышқа, эспарцет) жағдайы көбінесе жақсы, Алматы облысының Бақанас станцияларының маңайында жоңышқа және Жетісу облысының Жаркент станциясының маңайында бедеде қанағаттанарлық болып бағаланған, Жетісу облысының Үштөбе станциясының маңайындағы жоңышқада нашар. Ауа температурасының жоғарылауынан вегетациялық кезеңнің қайта дамуы, «сабақтың өсуі» даму кезеңі байқалған.
Өткен онкүндікте орын алған ауа-райы жағдайы мал жайылымына қолайлы болған. Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында төлдеу науқаны басталған. Атырау облысының Қызылқоға ауданында ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуде.
Жайылымдар әлсіз және орташа тапталған. Оңтайлы ауа температурасының басталуымен елдің батыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарында жайылымдық шөптердің қайта өсуі вегетациясы басталған.
Шымның жағдайы көбінесе дымқыл.