Қазақстанға 2023 жылы көктем ерте келді. Наурыз айының көп бөлігінде Қазақстан аумағына Иран мен Жерорта теңізі аймақтарынан жылы ауа көшіп, өз кезегінде температуралық фонның нормадан 1-6° - қа, ал жекелеген күндері 7-11°-қа жоғары болуына себеп болды. Осындай жоғары ауытқулар жағдайында елдің батыс аймақтарында өткен жылдары болған ең жоғары ауа температурасының рекордына қол жеткізілді, тіпті одан да асып түсті. Мәселен, Маңғыстау облысындағы Ақтау метеостанциясында
16 наурызда ең жоғары ауа температурасы +25,1°С-ға жетті, бұл осы күн үшін рекорд болды, соңғы рет сол күні ең жоғары ауа температурасы 2013 жылы +20,5°С-ты құраған, ал 30 наурызда Сам метеостанциясында ауа температурасы +29,2°С дейін көтеріліп, 2004 жылғы рекордтан (+26,1°С) асып түсті. Батыс Қазақстан облысының Тайпақ метеостанциясында 26 наурызда +23,5°С-қа жеткен ең жоғары ауа температурасының рекорды тіркеліп,
1990 жылғы рекордтан (+19,4°С) асып түсті, ал Орал метеостанциясында ең жоғары ауа температурасы +22,1°С-қа жетіп, 2008 жылғы рекордты (+21,6°С) жаңартты. Атырау облысында да рекордтар жаңарды, атап айтсақ, 26 наурызда Жаңа Үштоған метеостанциясында +24,2°С ауа температурасы тіркеліп, 1991 жылғы алдыңғы рекордтан (+18,6°С) асып түсті, ал 30 наурызда Құлсары метеостанциясында ауа температурасы +27,6°С құрап, 2020 жылғы (+22,8°С) рекордты жаңартты. Ақтөбе облысында 28 наурызда Қарабұтақ метеостанциясында ауаның максималды температурасы +22,7°С құрады, бұл осы күн үшін рекордтық көрсеткіш болды, бұған дейін ауаның рекордтық температурасы 2002 жылы +15,0°С болды, сондай-ақ Аяққұм метеостанциясында 30 наурызда 1994 жылғы рекорд жаңарды, сол кезде ауа температурасы +21,3°С құраған болса, биыл +25,6°С құрады.
Дегенмен, көктемде салқын күндер де болды. Айдың ортасында және үшінші онкүндіктің басында Қазақстанның солтүстік-шығыс жартысына суық антициклон келген кезде ауа температурасының күрт төмендеуі байқалды, нақтырақ айтсақ, түнде елдің солтүстігінде, шығысында -18-24°С дейін, орталығында -13-18°С дейін, оңтүстік-шығысында -3-10°С дейін төмендеді.
Наурыз айының ішінде Қазақстан аумағында белсенді циклондық белсенділік байқалды, бұл қарқындылығы мен сипаты әртүрлі жауын-шашынның жаууына әкелді (жаңбыр, қар). Шығыс Қазақстан облысында көп (15-41 мм) жауын-шашын (айлық норма 12-35 мм), елдің батыс жартысында аз
(1-16 мм) жауын-шашын жауды, ал айдың үшінші онкүндігінде тіпті жауын-шашын тапшылығы байқалды. Сонымен қатар, елдің көп бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалды, жаяу бұрқасын негізінен елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында болды. Жекелеген күндері желдің екпіні СГҚ (стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстар) өлшемшарттарына жетті. Бірінші онкүндікте оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және солтүстік өңірлерде желдің екпіні 37 м/с-ны құрап, Жетісу облысындағы Достық автоматты метеорологиялық станциясында (АМС) 8-9 наурызда және 31 наурызда 41-42 м/с-ға дейін дауылды жел байқалды.
Астана қаласында 21 наурызда ең төмен ауа температурасы (-14,1°С), ал
наурызда ең жоғары ауа температурасы (+17,1°С) байқалды, cөйтіп
2008 жылғы рекорд (+16,6°С) жаңарды.
Жауын - шашын норма шегінде (20 мм) жауды, айлық норма 20 мм.