Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі - жаңбыр, 11 сәуір, 12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Скандинавия аймақтарынан келетін Солтүстік-батыс антициклоң әсерінен, еліміздің солтүстік жартысында ауаның температурасы түнде 5-10 градус аязға дейн төмендеуі күтіледі. Әйтсе де, көктем өз мінезін көрсетеді, күндізгі уақытта ауаның температурасы біртіндеп жоғарлайды, 13 сәуірде республикамыздың солтүстік жартысында термометрлердің бағандары 10-18, ал оңтүстігінде 17-30 жылыға дейн көтеріледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік аймақтарда – шаңды дауыл мен найзағай, солтүстік жартысында - көктайғақ күтілуде.