Бүгін «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 12 сәуір – «Ғылым қызметкерлері күні» болып белгіленді. Тарихи тұрғыдан алатын болсақ, бұл мереке Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті - академик Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орайластырылды.
Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің ҒЗО қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін әдеттегідей әдемі әдеті бойынша Қазгидромет қызметкерлеріне арналған квиз (ағылшынша quiz — «викторина», «тест») ұйымдастыру арқылы атап өтті. Іс-шараның ойындар мен зияткерлік сайыс түрінде өтуі тартымды болды. Сонымен қатар, ҒЗО қызметкерлері өз өнімдерінің көрмесі мен постерлерінің тұсаукесерін өткізіп, соңғы ғылыми жарияланымдарымен бөлісті. Ғылыми және салалық тақырып бойынша үздік нәтиже көрсеткендер жеңімпаз атанды.