Қазақстан аумағы Қара теңіз аудандарынан белсенді, ылғалды циклонның және Скандинавия түбегінің аудандарынан суық арктикалық ауаның билігінде болады. Суық пен жылудың соқтығысуы фронтальды бөлімдердің белсенділенуіне әкелді, осыған байланысты тұрақсыз ауа – райы күтіледі, жауын-шашын болады, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болады: батыста жаңбыр түрінде, солтүстік аймақтарда-жаңбыр соңы қарға ауысады, бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанады. Сондықтан ертең таңертең еліміздің солтүстік аймақтарының тұрғындары қарлы және желді ауа-райына куә болады. Сондай-ақ, оңтүстік аймақтарда ыстықтың бәсеңдеуі және қатты жауын-шашын, найзағай мен бұршақ болады деп күтілуде. Бүкіл аумақта қатты жел күтіледі, еліміздің оңтүстігінде екпіні 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында, 16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17 сәуірден бастап Түркістан облыстарында түнгі уақытта үсік күтіледі.