2023 жылғы 20 сәуірде «Халықаралық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындағы энергетикалық диалог» стратегиялық сессиясын қамтитын 15-ші Каспий энергетикалық форумы өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруымен қазақстандық тараптан келген «Қазгидромет» РМК
Бас директоры, ДМҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Д.К. Әлімбаева баяндама жасады.
Данара Әлімбаева өз сөзінде бұл форум маңызды халықаралық оқиғаға айналатындығын және гидрометеорологиялық қызметтерден ақпарат алмастан әлемдік қауымдастық алдында тұрған көптеген өзекті міндеттерді шешудің мүмкін еместігін атап өтті. Өкілетті форумға қатысушылар тобы әлемдегі ең ірі тұйық су айдыны болып табылатын Каспий теңізінің бірегей экожүйесін сақтап қалу үшін экологиялық таза технологияларды әзірлеу және енгізу жөніндегі зерттеулердің маңыздылығын растайды. Данара Әлімбаева оған қоса Каспий өңірінде халықаралық, өңіраралық және ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізделген шешімдер қабылдау үшін форумның нәтижелері Каспий маңы елдерінің үкіметтеріне ғана емес, сондай-ақ әлемдік қоғамдастыққа пайдалы болатындығына сенім білдірді.