Қазгидромет мамыр айына құрғақшылықтың алдын ала болжамын шығарды

IconЖарияланды 25.04.2023

Синоптиктердің болжамы бойынша мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормадан төмен, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында нормаға жуық болады деп болжануда. Сонымен қатар, топырақтың көктемгі сулануын және нақты ылғал қорын ескере отырып, мамыр айында құрғақшылық күтілмейді.

Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады, ал жеке аудандарда ылғалдану жағдайы оңтайлы болады. Оңтайлы ылғалдану жағдайлары көбінесе Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында: Тарбағатай, Күршім, Зыряновск, Катонқарағай, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Көкпекті аудандарында және Семей қаласында, сондай-ақ Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Атбасар, Егіндікөл және Астрахань аудандарында, Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында және Алматы және Ақтөбе қалаларында.

Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ ұсынылады және www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз